457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Келесі жылдан бастап Назарбаевтың кеңсесі қаржыландырылмайды

Бюджет туралы заң жобасында Назарбаевтың кеңсесі мен кітапханасы қызметіне қаражат қарастырылмаған.

Былтыр 1 желтоқсандағы бюджет заңында тұңғыш президент кеңсесі мен кітапханасы және өзіне млрдтаған теңге бөлінген. Ал биылғы 2024-2026 жылдарға арналған «Ашық құқықтық актілер» порталында жарияланған заң жобасында Назарбаевтың кеңсесі мен кітапханасы қызметіне қаражат қарастырылмаған.

Ал осыған дейінгі заң бойынша кеңсеге 2023 жылы – 1,6 млрд теңге, 2024 жылы – 1,9 млрд теңге, 2025 жылы – 2,1 млрд теңге бөлінеді делінген болса, ал кітапхана шығындарына: 2023 жылы – 960 млн.теңге, 2024 жылы – 1,2 млрд.теңге, 2025 жылы – 1,3 млрд.теңге бөлінеді делінген. Сонымен қатар Назарбаевтың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері үшін де 2023 жылы – 600 млн. теңге, 2024 жылы – 800 млн. теңге, 2025 жылы – 800 млн. теңге жоспарланған болатын.

Самое читаемое