457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы аппаратының қызметшiлерi алынып тасталды.

Тұңғыш президент тағайындайтын лауазымды орындар қысқармақ. Олар:  Тұңғыш президент кеңсесінің басшысы; тұңғыш президенттің көмекшілері; тұңғыш президент кеңсесі басшысының орынбасарлары; тұңғыш президенттің кеңесшілері; тұңғыш президент кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары; президент басшысының бірінші орынбасары; мемлекеттік күзет қызметі басшысының бірінші орынбасары; тұңғыш президент кітапханасының директоры деген лауазымдар болмайды. Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы тағайындайтын лауазымдар да алынып тасталды. Барлық өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 284 Жарлығында толық көрсетілген. Құжат 2023 жылғы 29 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

Назарбаев лауазымды қызметкерлерінен айырылғанымен «Самұрық-Қазына» қорындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. «Қорды басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган» делінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ жарғысының 2023 жылғы 19 маусымдағы ақпараттық-құқықтық сайтында жарияланған ағымдағы редакциясында.

Самое читаемое