457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дәрігер: Жақында вирустың екінші толқыны басталады

Балалар дәрігері, АҚШ отбасы дәрігерлері қауымдастығының мүшесі Дмитрий Киреев өзінің Instagram парақшасында бір-бір жарым айда коронавирустың екінші толқыны басталатынын айтты. Ол екінші толқынға қалай дайындалу керектігін түсіндірді.

  1. Адамдар тұмауға қарсы жаппай екпе ектіру керек, бірақ күмәнді грипполдан басқа ештеңе жоқ, жақын уақытта пайда болатыны-болмайтыны тағы да белгісіз (тиімділігін дәлелдеген еуропалық ваrциналарды айтып тұрмын).
  2. Тұмауды анықтайтын экпресс тестер де жаппай жасалатын түрі жоқ.
  3. Коронавирустың екінші толқынын күту керек пе? Меніңше, иә. Шамамен 1-1,5 айда екінші толқын басталады.
  4. Қалай дайындалу керек? Қаржы жағынан дайын болған жөн, өйткені тағы да қатаң локдаун болуы ықтимал. Жаздағы бірінші толқыннан түсінгеніміз, қаржы болса, дәрі-дәрмек, ауруханадағы төсек орын, КТ, басқаларды он есе тез сатып алуға болады.Бұл өкінішті, бірақ шындығы сол. Оның үстіне жұмыссыз қалсаң, отбасың дайындап қойған ақшаға күн көреді.
  5. Балалар сабағын қашықтан оқуы керек пе? Меніңше, қашықтан оқу керек емес, бірақ менің пікірімнен бәрібір ештеңе өзгермейді.
  6. Коронавирустан вакцина. Жақсы вакцина келесі жылдың көктемі мен жазында шығады, пайдасы күмәнді ресейлік вакцина бізге қолжетімді емес. Мүмкін, оған қол жеткізе алмайтынымыз дұрыс та шығар.
  7. Бұқараға арналған ірі іс-шаралар вакцина шыққанда ғана басталады.
  8. Қаржы сарапшысы емеспін, бірақ "ең қызық нәрсе" әлі алда сияқты. Сондықтан егер отбасыңмен шетелде демалуға мүмкіндік болса (Египет, Түркия, БАӘ), қазір демалған жөн.
  9. Болжам расталмауы да мүмкін, бірақ Мәскеуде бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны бір мыңнан бір жарым мыңға бір-ақ өскен. Билік бірден шаралар қабылдай бастады. Әзірге қарт адамдар мен кәсіпорындарға қатысты шектеулер қабылданды. (Мұның бәрі жеке пікірім, оны ешкімге таңып отырғаным жоқ).

Самое читаемое