457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бекшин қатаң карантинді ұзартты

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысымен Алматыдағы қатаң карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды.

«2021 жылдың 21-28 наурызы аралығында  Алматы қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі ic-шараларды күшейту туралы» Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 20.03.2021 ж. № 11 қаулысына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізе отырып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қаулының күші 12 сәуірді қоса алғанға дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Қаулыдағы өзгерістер бойынша, наурыздың 28-і сәуірдің 12-сі аралығында төмендегі шектеу шаралары күшіне енеді:

  • Мектептерде  15 адамнан аспайтын кезекші сыныптардың (1-5, 9 және 11-сыныптар) офлайн оқуына рұқсат етіледі.
  • Мешіттерде ұжымдық рәсімдерге тыйым салынады (жұма намаз, бес уақыт намаз, жиналыс, т.б).
  • Рамазан айында ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады (бір отбасы мүшелерінің ауызашарын қоспағанда).
  • Мешіттерде Құдайға жеке құлшылық ету, дұға етуге рұқсат, бірақ келушілер арасында 1,5 метр арақашықтық сақталуы керек.
  • Жерлеу рәсіміне 10 адамнан аспайтын жақын туыстардың қатысуымен өткізу (қайтыс болған адамның туыстарына және ресми дін қызметкерлерінің өкілдеріне мәйітті  мүмкіндігінше ауруханаларда жуу ұсынылады).
  • Тұрғын үй саясаты басқармасы жүргізетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелеріна (орындықтар, банкоматтар, паркоматтар, төлем терминалдары) және шағын сәулет нысандарына дезинфекциялау  жүргізілсін.

Қаулыға сәйкес, мына шектеулер күшінде қалды:

  • Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік дүкендер таңғы 10-нан түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істей алады.
  • Сән салондары мен шаштаразға тек алдын ала жазылған адамдардың шашын қиюға рұқсат етіледі. Маникюр, педикюр, косметологиялық процедураларды жасауға тыйым салынды.
  • Қонақ үй, отель, курорт нысандары 50 пайызға дейін ғана толуы тиіс.
  • Ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысына толық тыйым салынды.
  • Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері 22 наурыздан 28 наурызға дейін жұмыс істемейді.
  • Ал сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталығындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына шектеу қойылды. Олар тек үйге алып кету мен үйге жеткізіп беруге ғана тамақ сата алады.
  • Кітапханалардың жұмысы тоқтатады.
  • Қала және қалааралық қоғамдық көліктер жұмыс күндері штаттық режимде, ал демалыс пен мереке күндері  таңғы 6.00-ден 10.00-ге дейін, ал кешке 17.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Фитнес және сауықтыру орталықтары жұмыс істемейді.
  • Медеу мұз айдынында жаппай сырғанақ тебуге тыйым салынды.
  • Ал Шымбұлақ тау-шаңғы курорты келушілер 500 адамға дейін қысқартуы тиіс. Шымбұлақтағы қоғамдық тамақтану орындары тек үйге алып кету мен үйге жеткізіп беруге ғана тамақ сата алады. Шымбұлақтағы жазғы алаңдардың жұмысына тыйым салынды.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері таңғы 09.00-ден түнгі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.  Алдын ала жазылған адамдарды қабылдайды. Демалыс күндері жұмыс істемейді.
  • Компьютер, бильярд, боулинг орталықтары жұмыс істемейді. Тек Ashyq жобасына қатысып жатқан орталықтар ғана жұмыс істей алады.

Наурыздың 26-сы күні Жандарбек Бекшин Алматыда вирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдары анықталғанын хабарлаған. Бекшиннің айтуынша, жаңа штаммдар өте жұқпалы, жұ,у көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді.

Самое читаемое