Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруді бастады

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде. Сонымен қатар балалардың тұрып жатқан жері, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын тексереді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырда қонатын лагерь. Сондай-ақ, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасаған.
Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайдағы балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
https://malim.kz/article/society/saunadagy-lagerge-almaty-qalasy-1078-mln-tenge-bolgen-19723