457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

19 түрлі тауардың бағасы орта есеппен 3,4% өскен

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері қалай өскені туралы ресми мәлімет берді.

Ведомствоның дерегінше,  қаңтар айынан  5 қыркүйекке дейінгі кезеңде 19 түрлі тауардың бағасы орта есеппен 3,4% өскен. Соның ішінде қырықққабат 68,7%, күріш 34,6%, сәбіз 34,2%, айран 11,9%, сүт 11,1%, сары май 10,3%, ірімшік 7,3%, пияз 7,2%, сиыр еті 7%, макарон 6,8%, картоп 4,9%, тұз 3,3%, нан 2,2% қымбаттаған.

Министрліктің мәліметіне сенсек, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік саналатын 6 түрлі тауардың бағасы керісінше түскен. Олар: тауық еті (-1,8%), жұмыртқа (-4,3%), ұн (-6,7%), қант (-10,3%), күнбағыс майы (-14,5%), қарақұмық (-35%).

Жыл басынан бері қырыққабат бағасы әсіресе Жезқазғанда (7,8%) қатты өскен. Ал күріш бағасы Астанада (7,2%) артқан.

Сондай-ақ министрлік мамандары күріш бағасының кейінгі бес жылда қандай динамикамен өскеніне талдау жүргізіпті.

Ресми органның ақпаратына қарағанда, қазір бір келі күріштің бағасы 467 теңге. Бұл жыл басынан бері баға 34,6%, бір аптада 1,1% өсті деген сөз. Ал 2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда күріш 51,1% қымбаттаған.

Күріш бағасы ең қымбат аймақтар: Ақтөбе облысы (564 теңге), Ұлытау облысы (555 теңге), Алматы облысы (536 теңге).

Самое читаемое