457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астананың бас жоспарын халық шешеді

Астаналықтарды қаланың бас жоспарының жобасын талқылауға шақырады.

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауға ісіне шақырады,- деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін және халықты кеңінен қамту мақсатында Астананың аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен тамыздың 21-22 күндері Астана қаласы Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-18.00-ге дейін өткізіледі.

Ал 23 тамыз күні  сағ: 11:00Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясында; Сағ: 15:00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі 20, № 86 мектеп-гимназиясында қала танысуға болады.

24 тамыз: сағ:10:00Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залында; сағ: 15:00 – Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамыз күні Астана қаласы, Республика даңғылы 34, «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді. Басталуы сағат 10.00-де.

Самое читаемое