Алматы әкімдігі әйелдерді қолдау митингін өткізуге рұқсат берді

Алматы әкімдігі әйелдерді қолдау митингін өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы қоғамдық белсенді Бибинур Шералиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында «Әйелдердің лайықты өмірі үшін!» тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз.Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді деген жауап алдық», - деп жазды белсенді.
Оның айтуынша, митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар, әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады.
Фото ©Алихана Сариева/tengrinews.kz