Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

Мырзахметов мамырда "пара алды" деген күдікпен қамалған. Ол Нұржан Әлтаевтың сотында бас куәгер болған еді. 21 қарашада Әлтаев "еңбек министрінің орынбасары болғанда пара алған" деген айыппен 10 жылға сотталған болатын.
Абылай Мырзахметов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметін 2013 жылғы қыркүйек пен 2022 жылғы ақпан аралығында атқарған. Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен.