457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жанар Дұғалова полицейлерге алғыс айтты

Өнер иесі жеке затын жоғалтып алған

Әнші Жанар Дұғалова Астанаға сапары барысында жеке затын жоғалтып алып, Есіл аудандық полиция бөліміне арызданған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалалық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы оқиғаға байланысты видео жарияланды. Бейнежазбада Жанар Дұғалова тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізген.

«Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Олар жоғалған затымды тауып, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарды. Жұмыстарына өте ризамын, мың да бір рахмет!», деген әнші полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Фото: видеодан кадр

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @police_esil_astana

 

Самое читаемое