457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғат Теменов мерейтойын атап өтті

Кинорежиссер 70 жасқа толды.

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі кинорежиссер Талғат Теменов 70 жасын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің қуанышына бірқатар танымал тұлға келген. Кинодраматург туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлатты. Кинорежиссер 70 жас мерейтойында ағайын-туысы мен өнердегі жақындарының басын қосқан.

Жұлдызды қонақтар арасында Досхан Жолжақсынов, Рамазан Стамғазиев, Сәбит Әбдіхалықов, Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков және т.б бар.

Сонымен қатар Талғат Теменовты белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов арнайы құттықтап келген. Кеш қонағы Сәбит Әбдіхалықов Instagram-дағы парақшасында мерейтойдан видео жариялап, Теменовтың туған күні қалай өткенін көрсетті.

Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov

 

Самое читаемое