457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Разылығын алуға барымды саламын»: Ерке Есмахан ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші ата-енесін де бағына тіледі.

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан жан жары RaiM-ның ата-анасымен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі ата-енесімен түскен суретін салды.

Ерке Есмахан Instagram-дағы стористе Алматыдағы Көктөбеде Райымбектің ата-анасымен және ұлы Исламмен түскен ортақ суретін жариялап, бақыт туралы ұғымға қатысты ойын бөлісті.

Алладан бақ сұрау керек. Алла маған сол бақты үйіп-төгіп берген. Шүкір! Ата-енем де сол бағым. Папа-мамам ақ жүректерімен: «Сендей қызымыз бар, бізге бұйырғаныңа шүкір, сені әкелген Рәкөшке рахмет! Сөйлегендер сөйлей берсін», - деп отырады. Қалай бақ демейсің?!

Күйеуімнің, ата-енемнің разылығын алуға, жақсы келін болуға, осы әулеттің ұрпағын жалғастыруға барымды саламын. Сіздерді жақсы көремін, отбасым! Аллаға сансыз шүкір айтамын, - деп жазды Ерке Есмахан.

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Самое читаемое