457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қорқып қалғанмын». Айдар Тұрғамбек неліктен көлікпен жүрмейтінін түсіндірді

Әнші жол апатынан соң темір тұлпарға мінбейді екен.

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек басқа қалаларға неліктен тек ұшақпен баратынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«1001 түн» бағдарламасында қонақта болған Айдар Тұрғамбек екі рет жол апатына түскен соң, көлікпен жүруге қорқып қалғанын алға тартты.

Екі рет жол апатына түскеннен кейін қорқып қалғанмын. Маған ұшақ ыңғайлы. Ішінде ұйықтай аламын. Көлікте өте сақ отырамын. Ұйықтап кеткен жоқ па деп уайымдап отырамын. «Жігіттер» тобымен Өзбекстанда бейнебаян түсірдік. Шекараны өтіп келе жатқанда, таңғы уақытта жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Ақыры көлік аударылып кетті. Одан кейін Семейден Өскеменге шыққанда жігіттер ұйықтап қалған. Мен ояу отырмын. Қарасам, көлік жүргізушісі көзін жұмып, ұйықтап отыр ғой. Сондай мәселелерден кейін көлікке қатысты қорқынышым бар. Көп мінгім келмейді. Көлікпен көп жол жүргім келмейді. Ұшақтан қорықпаймын, - деді Айдар Тұрғамбек.

Фото: Фото: instagram.com/aidar_turgambek 

Самое читаемое