«Не деген қазақы эстетика». Ерке Есмахан қонақтарды қалай күтетінін көрсетті
Отандық әнші Ерке Есмахан ұлттық киім киіп, қазақы үлгіде жасалған үйінің бір бөлігін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Instagram-да жариялаған видеодан дөңгелік үстелді, қазақтың ұлттық тағамдарын, ою-өрнекпен көмкерілген көрпе-жастықты көрегу болады.
Әнші өзі де ұлтты киім киіп, тіпті кіші ұлы Исламға да тақия кигізіп қойған.
Қазақ болып тумағанда не етер ем?! Қазақтың таза қаны, діні, қазақы тәрбие, салт-дәстүр, қазақша өнер, тағамы, тіліміз, тарих, қазақша стиль, құндылық - ұштасса, сол бақыт! Осының бәрін жақсы көремін! Өзім қазақтың перзенті, қызы, келіні, жары, анасы, әншісі болғаным үшін шүкір айтамын! – деп жазды Ерке.
Әншінің оқырмандары да бұл видеода бәрі үйлесімді екенін жарыса жазып жатыр.
«Не деген қазақы эстетика, пинтерестке кету керек», «Үйден береке сезіліп тұр», «Көзің рахаттанады», «Бәрі әдемі», - деп жазды көпшілік.
Фото: instagram.com/erke_esmahan