457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Меломен» тобының әншісі бесінші баласы дүниеге келгенін айтты

Әнші перзентханадан сурет жариялады.

«Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзахановтың бесінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сүйінші жаңалықты өнер иесі әйелі Шолпан Мырзаханова екеуі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Жұп көпшілікке перзентханадағы суретін көрсетті.

Сүйінші. Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір, - деп жазды олар.

Өнер иесінің жанкүйерлері де ізгі тілектерін жеткізген.

«Бауы берік болсын», «Үлкен азамат болып өсе беріңдер», «Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын», «Маған жұғысты болсын», «Аман-есен босанып алуыңызбен», «Көз қуаныштарыңыз болсын», - деді желі қолданушылары.

Фото: instagram.com/sholpanmironovna 

Самое читаемое