«Енді ісім психолог, коучсымақтармен болады». Танымал әнші бұрынғы әйелінің айыптауына жауап берді

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы әйелінің айыптауына қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бірнеше күн бұрын әншінің бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып, мәлімдеме жасаған. Ол әншімен бірге тұрған 7 жылында көрген қиянатын жасырмай айтқан болатын.
Әнші Ғабит Бибасыұлы өзіне қатысты даулы жағдайға пікір білдіріп, бұрынғы әйеліне үндеу жасады.
Осындай тап-таза, нұрлы кезің болғанда бұлай сөйлемес едің ғой. Аман бол! Енді ісім психолог, коуч сымақтармен болады, - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.
Фото: әлеуметтік желі