Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне әннің сөзіне қатысты өтініш білдірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жанкүйерлеріне Астанада өтетін концертке дейін бір әннің сөзін жаттап алуды өтінді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстанның халық әртісі өз репертуарындағы "Махаббат бер маған" атты әнін Астанада өтетін концертіне жаттап келуін сұрады.
"Құрметті достар, мен 13 және 14 қыркүйекте Астанада жеке концертімді беремін. Осы әнді сіздермен бірге орындайық", - деді Димаш жанкүйерлеріне.
Фото: instagram.com/ptrk.kz