Атақты Джаред Лето Қазақстаннан үй сатып алғысы келетінін айтты

Белгілі актер, америкалық Thirty Seconds to Mars тобының әншісі Джаред Лето Қазақстаннан үй сатып алмақ, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол 3 ақның 13 қазанда Алматыда өткен концертінде мәлім етті.
Джаред Лето сахнаға Қазақстанның мемлекеттік туын алып шығып, көрермендерге құрмет көрсетіп қана қоймай, осы елде өзін үйінде жүргендей сезінетінін айтты.
Сондай-ақ қала сыртынан немесе таудан үй сатып алатын уақыт келген секілді деді.
Видео: sellffish
Фото: GettyImages