Әсел Сағатова балаларын көрсетті
Танымал отандық актриса Әсел Сағатова балаларымен түскен видеосын жариялап, Қазнет қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Әсел видеода қызы мен ұлының бір-біріне деген махаббатын көрсеткен. Instagram-да жарияланған кадрдан анасы мен балалары демалыс кезінде бір-бірінің бетінен кезек-кезек сүйіп жатқанын көруге болады.
Өнер иесі шабытты балаларынан алатынын жеткізді.
Абсолютті махаббат. Тіпті көзілдірігім де қисайып кетіпті, - деп жазды Сағатова.
Оқырмандар да актрисаға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Махаббат пен нәзіктік», «Сондай тәтті», «Отбасы – киелі мекен», «Балаларыңыз сондай сүйкімді екен», «Қызыңыз – сіздің көшірмеңіз», «Әдемілік», - деп жазған оқырман қауым.
Фото: instagram.com/asselsagatova