Әнші Серік Ибрагимов миллиардер атанды

Танымал әнші Серік Ибрагимов продюсер ретінде табысқа кенеліп, миллиардер атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесінің жақында жарыққа шыққан "Zamanback" фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинап үлгерді. Бұл туралы әнші барша қолдаушыларынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен "ZamanBack" фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл - халықтық фильм! Екінші толқын басталды", - деп жазды ол.