Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Әбдірашит Жүкенов пен Зәуре Текебасованы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын енгізді.
Сіздердің қарауыңызға Әбдірашит Жүкенов пен Зәуре Текебасованы отставкаға байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын енгіздік. Екі судья да зейнеткерлік жасқа толды, - деді Денис Шипп.
Сенат мүшелері судьяларды қызметінен босатуға бірауыздан дауыс берді.
Фото: интернеттен