457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«ХАМАС»-тың жаңа басшысы сайланды

Израильдің сыртқы істер министрлігі оның көзін жоюға шақырды

Палестинаның саяси «ХАМАС» қозғалысына жаңа басшы болып Яхья ас-Синвар сайланды. Ол жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның орнын басты.

Бұған дейін ас-Синвар Газа секторындағы қозғалыстың көшбасшысы болған. Мұндай жаңалықтан кейін Израильдің сыртқы істер министрлігі оның көзін жоюға шақырды.

Израиль СІМ басшысы Израиль Катц Ас-Синвардың сайлануына түсініктеме бере отырып, оны "мүмкіндігінше тезірек жою керек" деді.

Сондықтан, "ХАМАС"-тың жаңа жетекшісінің жеке басына төнген қауіп бұрынғыдан да арта түспек. Себебі, Израильдің арнайы күштері оның көзін құртуды көздеп отыр.  

Айта кету керек, бұған дейін "ХАМАС"-тың көшбасшысы болған Исмаил Хания 31 шілде күні Тегеранда оқыстан болған қастандық салдарынан өлім құшты.

Фото: stmegi.com

Самое читаемое