Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Бақытбек Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып Марат Жұмабаев, Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
фото: ҰҚК баспасөз қызметі