457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр

Саяси додаға 3 кандидат тіркелген

Бүгін 15 желтоқсанда Алматы облысы Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Сайлауда 3 кандидат бәсекеге түсіп жатыр. Олар:

Арыстанбек Әбілхаирұлы, 41 жаста, «Талғар тұрғын үй» ЖШС басшысы, Amanat партиясы ұсынған;

Жәнібек Кәденов, 33 жаста, Талғар ауданы әкімі апаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, «Қазақстанның халық партиясы» ұсынған;

Әлібек Рамазанов, 42 жаста, «Бесағаш» ауылдық округі әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсынған.

Сайлаушылар тізіміне барлығы 42774 сайлаушы енгізілген. Дауыс беру сағат 20: 00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, 15 қазанда Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылған еді. 
Фото: gov.kz

Самое читаемое