Саясат Нұрбек: Ғалымдар мектептен шығады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады. Министрдің айтуынша, 11-13 сәуірде Астанада тұңғыш халықаралық балаларға арналған ғылыми конференция өтеді.
«Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты балалар қатысады. 500 ғылыммен айналысатын оқушны Астанада жинаймыз. Шараға ғалымдар да қатысады. Ғалымдар мектептен шығады. Ғылымды жас балалардан бастауымыз керек», - деді министр.