457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды

Екі елдің Үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Режеп Тайип Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Түркия  — ұйымға серіктес ел.

Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді. 

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің Үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Фото: primeminister.kz

Самое читаемое