457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылорда облысында аудан мен ауыл әкімдерінің сайлауы бір күнде өтпек

Осы жылдың 7 айында 2 кент және 21 ауылдық округ әкімі жаңадан сайланды.

Қызылорда облысында қыркүйек айында бір күнде аудан және 8 ауыл әкімінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыр өңірінде ауыл тұрғындарының әкімдер сайлауына қатысу белсенділігі жоғарылап келеді. Былтыр жергілікті жұртшылық 1 кент және 37 ауылдық округ әкімін таңдады. Ал осы жылдың 7 айында 2 кент және 21 ауылдық округ әкімі жаңадан сайланды.

«Сайланған әкімдердің басым бөлігі өзін-өзі ұсыну жолымен қатысқан. Енді 15 қыркүйекте Шиелі ауданында өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған аудан әкімінің сайлауы ұйымдастырылады. Дәл осы күні 5 ауданда 8 ауылдық округтің әкімдері сайланады. Атап айтқанда, Арал ауданындағы Қосаман, Сазды, Бөген , Қазалы ауданындағы Алға, Тасарық, Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев, Жалағаш ауданының Таң, Шиелі ауданының Телікөл ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді. 8 ауылдық округ бойынша 5626 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ 11 сайлау учаскесінде 59 комиссия мүшесі қызмет атқарады», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінде әкімі сайлауы өткізілді.

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Самое читаемое