457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.

Армения өз тәуелсіздігін 1991 жылы 21 қыркүйекте жариялаған

Фото: Ақорда 
 

Самое читаемое