Президент Әл-Хусейния сарайына барды

Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.
Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігінде ресми сапармен жүр.
Кеше Президентті Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.