Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Келісім бойынша, ХАМАС израильдік 50 тұтқын — әйелдер мен балаларды босатуы керек. Израиль Газа секторындағы атысты тоқтатады – ол төрт күнге жалғасады. Бітімге келу осы мерзімнен одан ары ұзартылуы мүмкін.
-Кепілге алынған әр 10 адам үшін тағы бір күн қосылады. Израиль түрмелерден 150-ге жуық тұтқынды – палестиналық әйелдер мен кәмелетке толмағандарды босатады. Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанармай тиейтін жүк көліктері жіберіледі,-деп хабарланған.
Атыс тоқтатылатын төрт күнде ХАМАС кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді босатады. Тұтқындар 23 қарашада босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп болжануда. Күніне шамамен 12 тұтқын жіберіледі.