457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Депутат шеруге Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы: Олардың өз таңдауы

Бұрынғы коммунистер қазіргі Қазақстан халықтық партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ғазиз Құлмұхаметов 9 мамырда көшеге Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін көтеріп шыққандардың бұл әрекетің олардың өз моралдық құқығы деп бағалады.

«Қазір көңілі толмайтын әскери зейнеткерлер өте көп, олардың салыстыратын адамдары бар болғандықтан [Сталин мен Берияның суреттерін ұстап шыққан] шығар. Бұл олардың таңдауы, оларды айыптай алмаймын», - деді Құлмұхаметов мәжіліс кулуарында.

Қазіргі кезде әскери қызмет атқарып жүргендердің әрекеті туралы ол «өзіндік анты, әскери міндеті, устав пен ережелер бар, соларға бағыну керегін» айтты.

Айта кетейік, Алматыда 9 мамыр күні болған көшедегі жиындар кезінде Сталин мен Берияның портретін көтеріп шыққандар болды. Бұл тұлғалар XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ашаршылық пен жаппай репрессияларды істегендердің қатарында.

Самое читаемое