Бір ай жұмыссыз жүрген Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол биыл мамыр айында Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді.
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып үш жылға жуық жұмыс істеді - ол 2021 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін ол Қазақстанның Энергетика министрі қызметін атқарған.
Фото: интернеттен