457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бақауов бостандыққа қалай шықты?

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат БАҚАУОВҚА сот үкімі шықты. Экс-әкім 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ Бақауов, сот үкімі бойынша,  100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.

"Сот Бақауов Болат Жұмабекұлын Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлімі 3-тармағы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша айыпты деп танып, оның бас бостандығын 3 жыл 6 айға шектеу, бүкіл жаза мерзімінде пробациялық бақылауда болып, мемлекеттік қызметті  атқару құқығынанөмір бойына айыру жазасына кесті", - деді үкімді оқыған Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

Бақауов сот үкімі бойынша 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Сонымен қатар экс-әкім "Ерен еңбегі үшін" медалі мен "Құрмет" орденінен айырылады.

Бүгін түске дейін онлайн өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Елена Белова экс-әкімнің бас бостандығын шектеуді сұраған.

Бақауов сотқа WhatsApp қосымшасы арқылы қатысты.

Мемлекеттік айыптаушы сотта бұрынғы әкім кінәсін толық мойындап, прокурормен процессуалды келісімге келгенін мәлімдеді. Мемлекеттік айыптаушы Бақауовты 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартуды сұраған.

16 қаңтар күні ұсталған Болат Бақауовқа қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып тағылған. Бұл айып бойынша дүние-мүлікті тұтқындап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Болат Бақауов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сотта Болат Бақауов 165 миллион теңге көлемінде тигізген залалын төлегені белгілі болды.

Фото: pavon.kz

 

Самое читаемое