«Антикор» шенеуніктерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады

«Антикор» мемлекеттік қызметкерлерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады. Профилактикалық шараға қатысушыларға қылмыскерлерді ұстау камералары мен тұтқындардың серуендеу орындары көрсетіледі. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот отырысына да жіберіледі.
Агенттіктің өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, мұндай шара түрменің ауыртпалығын сезінуге, олардың салдарымен танысуға мүмкіндік береді.
«Мұндай экскурсия қорқытып-үркіту шарасы емес»,- деп атап өтті ол.