457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

Бұл - Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш әрі әлемдегі ең төмен нәтижелердің бірі.

Экзит-полдың алдын ала мәліметі бойынша, Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин Алматыда 8% дауыс жинаған. Бұл - Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш әрі әлемдегі ең төмен нәтижелердің бірі, — деп жазды Курсив Медиа.

Ал Қырғызстанда Путин 35 пайыз дауыс жинады. Өзбекстанда да көрсеткіш ұқсас: Самарқанда 35%-ы қолдаса, Ташкентте 36%-ы дауыс берген.

Путин Грецияда ең жоғары нәтижеге қол жеткізді – Афинада оған 59%-ы дауыс берген. Ал ең төменгі көрсеткіш - Нидерланд (2%), Польша, Сербия және Черногорияда (3%) тіркелді.

Бұл - Ресейде өтіп жатқан 8-сайлау. Ресей заңдары бойынша, президент сайлауына 35 жастағы, 25 жылдан бері сол елде тұратын ресейлік азаматтар түсе алады.

Фото: pixabay

Самое читаемое