457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлия Назарбаеваның үстінен шағымдар көбейді

Қазақстан кәсіпкерлердің арызы тіркелгенін алға тартып, жақын арада шақырту жіберуге уәде берген.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ткенже қызы Әлия Назарбаеваның рейдерлік бойынша тағылған айыптарға қатысты материалдары Ұлыбритания мен Швейцарияға жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Elmedia-ға берген сұхбатында кәсіпкер Нұрлан Бимурзин Ұлыбритания мен Швейцарияда Әлия Назарбаеваның жылдар бойы «қапшықтап» жинаған мүлкі шоғырланған ел екенін екенін айтты.
Нұрлан Бимурзиннің айтуынша, АҚШ-тың әділет министрлігінің өкілдері Қазақстан кәсіпкерлердің арызы тіркелгенін алға тартып, жақын арада шақырту жіберуге уәде берген.

2024 жылы құжаттарды жинап, дәлелдерімізді дайындадық. Сол жылы АҚШ-тың әділет министрлігіне арыз жіберген едік. Біздің жеке лобистіміз арқылы олар қайта хабарласты. Ұлықтау рәсімі өтіп, жаңа адамдардың билікке келіп жатқанын, жаңа президент аппараты құрылғанын айтты, – дейді Бимурзин.

Оның сөзіне қарағанда, олар Ұлыбританияға – Маргерет Хоч атына арыз жазған.

Ол кісі – лордтар палатасының мүшесі, клиптократтарға қарсы қызмет атқарып жүрген адам. Швейцарияның бас прокуратурасына – Берн қаласындағы Стефан Блаттлерге атына да арыз жаздық. Енді жауап күтеміз, – дейді кәсіпкер.

Енді Әлия Назарбаеваның үстінен түсірген шағымы бойынша, кәсіпкерлер алдымен Еуропаға, содан кейін АҚШ-қа бармақ.

Сондай-ақ, Бимурзин барлық өтініштер экс-президенттер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жарияламау туралы жаңа заң күшіне енгенге дейін жіберілгенін атап өтті.  

Фото:  Reuters

 

Самое читаемое