457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлібек Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

2022-2024 жылдары Ұлттық экономика министрі лауазымында қызмет атқарған. 

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Ол 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2021-2022 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары Ұлттық экономика министрі лауазымында қызмет атқарған. 

1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалған болатын.

Фото: t.me/KZgovernment

Самое читаемое