21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мәжіліc баспасөз қызметінің мәліметінше, бірлескен отырыс 21 маусымда, жұма күні сағат 10:00-де өтеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-де Астанада шақырылсын, - делінген бұйрықтың мәтінінде.
Осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырыстардың бірінде Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды.
Фото: интернеттен