Жетісу облысында демалыс аймағындағы өрт шықты

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екіқабатты демалыс үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт оқшауланған. Қызыл жалын жалпы аумағын 280 шаршы метр жердіді шарпыған. Алдын ала 27 адам эвакуацияланған.
Қазір өрт сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.
Фото: ТЖМ