457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласында 780 см-ге жақындады

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі төмендеп келеді.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 776 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалына су деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге көтерілгенін мәлім етті.

Бәйтерек ауданы Январцев елді мекенінде кешегі деңгейде (802 см) қалса, Көшімде 765 (+14), Тайпақ ауылы тұсында 471 (+12) сантиметрге жетті. 

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 1 сантиметрге жоғарылаған (821 см, қауіпті шектен 21 сантиметрге жоғары). 

Казталов ауданы Жалпақтал ауылында Қараөзен деңгейі 8 сантиметрге көтерілді (627 см, қауіпті шегі – 790-820 см). 

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі төмендеп келеді.

Соның ішінде Жайыққа құятын Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 728 сантиметрді (-15, қауіпті шегі – 1300 см) көрсетті.

Фото: ken-zhyloi.kz

Самое читаемое