457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында төмендеді

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 1 сантиметрге төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Kazinform.kz жазуынша, «Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, 24 сәуір күні сағат 08.00-де су деңгейі Оралдағы гидробекетте 863 сантиметрді (қауіпті шегі – 850 см) көрсетті, бұл кешегіден 1 сантиметрге кем. 

Сол секілді Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 7 сантиметрге түсті (887 см, қауіпті шегі – 1 250 см).

Есесіне Көшімде 2 (858 см), Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 9 сантиметрге (538 см) жоғарылағаны байқалады.

Көшім каналындағы су деңгейі кешегіден (825 см, қауіпті шектен 25 сантиметрге асып тұр) өзгерген жоқ. 

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.

БҚО ТЖД

Самое читаемое