457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес" деген кофехана жабылды

Қазір кофехана уақытша жұмыс істемейді

Астанада Qazaq coffee кофеханасы қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті болмағандықтан жабылды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған кофехана елордадағы Сәкен Сейфуллин, 8 мекенжайында орналасқан. 2 Gis қосымшасында Qazaq coffee кофеханасының пікірлер бөлімінде клиент қазақша мәзірдің жоқ екенін жазған. Сосын кофехана иесі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емес екенін, сондай-ақ басқа да орталықтарда құжат бойынша 50/50 орыс қазақ тілдері болғанымен, тек қана орысша қызмет көрсететінін алға тартқан. Қосымшада 14 мыңнан астам пікір бар. 

«Ұжым қызметкерлері қазақша сөйлеуге міндетті емес. Қазақ тілі ешбір мекемеде жалаң түрде қолданылмайды. Мәзірдің өзі 50/50 қазақша және орысша шығады», - деп жазылған пікірде.

Самое читаемое