457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тұман, көктайғақ... Бүгін ауа райы қалай болады?

Құбылмалы күн райы сақталады

"Қазгидромет" Қазақстанның мегаполистерінің алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Malim.kz.


Астанада 3 ақпанда күні құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз.

4 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.

5 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 6-8 градус аяз.

Ал Алматыда 3 ақпанда күн райы құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 0-2 градус аяз.

4-5 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 градус аяз.

Шымкентте 3-5 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Фото: pexels.com    

Самое читаемое