Татарстанға жасалған дрон шабуылы: Қазақстан депутаттары не дейді

Татарстанның Елабуга және Нижнекаменск қалаларындағы бірнеше ғимаратқа дрон шабуылдаған. Бірнеше адам жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz.
Шабуылдан кейін ресейлік депутат Андрей Гурулев «Камикдзе-дрон Украинадан емес, елдің солтүстік-батысындағы қараусыз жатқан Орталық Азия даласынан келуі мүмкін» деген ой айтқан.
Содан кейін ресейлік кей телеграм-арналар «Қазақстанның солтүстігін Ресей бақылауға алуы тиіс» деп жазды. Бірақ Қазақстан қорғаныс министрлігі мұндай қауесетті жоққа шығарды.
Біз мәжіліс депутаттарынан «бұл әңгімелердің астарында не бар?» деп сұрап көрдік.
Фото: tatar-inform.ru