Танымал журналист өзінен үлкен қыз-келіншекке қырындайтын жігіттер қауымын сынады

Танымал тележүргізугі Әйкерім Есенәлі "Райм мен Ерке" тенденциясынан шошитынын айтып, жұптардың арасындағы жас айырмашылығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналистің айтуынша, өзінен жасы үлкен қызға үйленгісі келетін жігіттер қиындықтан қашып отыр.
Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба? – деп жазды медиа маманы.
Сондай-ақ жеке өміріне де тоқталып, ажырасқаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін де айтып берді.
Мен ажырасқаныммен, отбасы институтының қадір-қасиеті санамда төмендеген жоқ. Біздің қоғам тек көңілі тоқ, сана-сезімі шекарасыз, адами қасиеттері мықты, отансүйгіш азаматтарымен мықты. Бұл ретте отбасы беріктігінің маңызын барлығымыз жақсы түсінеміз. Жеке тәжірибеме қарамастан, жалпы адами құндылықтарға көзқарасым сол қалпы, – деп жазды журналист.
Фото: әлеуметтік желі