457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Танымал этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды

Бұл туралы «Қамшы» ақпарат порталының жетекшісі Қуаныш Біләл Instagram-парақшасында айтты

Танымал жазушы-этнограф, ғалым, әдебиет сыншысы Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Бұл туралы «Қамшы» ақпарат порталының жетекшісі Қуаныш Біләл Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Қазақ Болат Бопайынан айырылды. Қайран ағам-ай…» - деп жазды ол. 

Болат Бопайұлы туралы не белгілі?

Болат Бопайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасы Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 

  • 1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіл-әдебиеті факультетін,
  • 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факулътетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантуранві бітірген.
  • Үрімші қаласында ұстаздық етті.
  • «Шыңжаң жастар-өрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды.

Шығармалары

  • «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» атты еңбегі («Шыңжаң жастар-өрендер баспасы», 1993)
  • Ахметжан Қайбарұлымен бірлесіп жазған «Қазақ ырымдары» атты кітабы (1998 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақ энциклопедиясынан» қазақ және орыс тілінде, «Шыңжаң халық баспасынан» араб жазуымен 1998) жарық көрді.
  • «Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы (1995)
  • «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі (2000)
  • «Қазақ кәделері» (2000)
  • «Асыл қазына» (2002)
  • «Қазақ кәделері» (2003)
  • «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» (2003)
  • «Қазақтың түс жоруы» (2004) атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.

Фото: instagram.com/bilal_quanysh

Самое читаемое