"Сұлу болдыңдар". Журналист 17 жыл құлдықта болған қыздарға сый жасады

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Тележүргізуші әлеуметтік желіге видео жариялап, оқырмандарының бірі қыздарға опа-далап беріп жібергенін айтты.
"Қос қарындасыма өздері сұраған косметикаларын апарып бердім. Құндыз дереу боянып көрді. Табиғи сұлулығына бояу да жараса кеткендей…", - деп жазды ол.
Видеода қыздардың көзілдірік, опа-далап алғаны бейнеленген.
Оқырмандар журналистің әрекетіне тәнті болып, жақсылық тілеп, пікір қалдырып жатыр.
Фото: коллаж ulysmedia.kz