Су тасқынынан зардап шеккендер несиесін кейін төлейді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.
Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін түсінжіреді. Сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.
Бүгін Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және «Қазақстан халқына» қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй құрылысына жұмсалады.
Фото: интернеттен