457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жариялады

Қалада командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 26 шілде күні сағат 10.00-де Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

"Премьер-министрдің орынбасары Қ.А. Бозымбаевтың 2024 жылғы 13 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы ТЖ Департаменті 26 шілде күні сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді", - делінген хабарламада.

Ведомсвто мәліметінше, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер) қысқа уақытқа қосылады. 

Фото: freepik.com

Самое читаемое