457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

Қостанай облысында санитариялық рейс бойынша ұшып шыққан Ан-2 ұшағы күрт төмендеп, суға қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың ішінде 5 адам болған, деп хабарлайды Malim.kz Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Бүгін Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) рейсін орындаған №AK31224 Ан-2 санитариялық ұшағы сағат 16:10-да көкке көтеріліп, кейін күрт төмендей бастаған. Салдарынан ұшақ тоғанға қонуға мәжбүр болған.

Ведомство дерегінше, ұшақтың мемлекеттік тіркеу нөмірі UP-A0124.

Ол "Навигатор" авиакомпаниясына тиесілі. Министрлік ақпараты бойынша, ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Арқалық қалалық ауруханаға эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру жөніндегі департаменттің қызметкерлері жіберілген.

Бұл апат авиациялық оқиғаға жатады және оны тек азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тергей алады. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында комиссия құрылды, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүейнсек, әуе апаты неліктен болғаны және оқыс оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Фото: интернеттен

Самое читаемое